ЖЫЛ САЙЫН КОЛЛЕДЖІМІЗДЕ Д.А.ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ ГРАНТ БӨЛІНЕДІ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ АЯСЫНДА СТУДЕНТТЕРГЕ ЖЕҢІЛДІКТЕР ҚАРАСТЫРЫЛҒАН.• ЖЫЛ САЙЫН 5 ҚҰРЫЛТАЙШЫ ГРАНТЫ БӨЛІНЕДІ
AA+
Қарағанды қаласы, Баженов көшесі 164/2
+7 707 365 8141
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
ЖЫЛ САЙЫН КОЛЛЕДЖІМІЗДЕ Д.А.ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ ГРАНТ БӨЛІНЕДІ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ АЯСЫНДА СТУДЕНТТЕРГЕ ЖЕҢІЛДІКТЕР ҚАРАСТЫРЫЛҒАН.• ЖЫЛ САЙЫН 5 ҚҰРЫЛТАЙШЫ ГРАНТЫ БӨЛІНЕДІ
«Қарағанды тамақтану және сервис колледжі» КМҚК
AA+

12-15 наурыз аралығында Семей қаласында «Сервис және қызмет көрсету» саласы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтары арасында аймақаралық кәсіби шеберлік байқауы өтті.
Байқау Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақмола, Абай облыстары колледж педагогтарының қатысуымен өтті. Жалпы, жарысқа 12 адам қатысты.
Байқау Семей қаласындағы «Бизнес және сервис колледжінің» базасында өтті.
Қарағанды облысынан «Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжінің» оқытушылары Тәңірбергенова Гаухар Қадырқызы «Наубайхана ісі» және Байғұттинова Құралай Сериковна «Аспазшылық» компетенциясы, және Үрпатшаева Зарина Мақсұтқызы «Мейрамхана ісі» біліктілігі бойынша қатыстқан.

«Аспазшылық» құзыреттілігі бойынша қатысушылар екі күн ішінде 6 модульді орындады: Оливье салаты, лосось балығы, құс етінің негізгі тағамы, ыстық ет тағамы және десерт, «Кракелин қосылған шу» торты.
«Наубайхана ісі» құзыреттілігі бойынша сайыскерлер 4 модульдден кәсіби шеберліктерін көрсетті: киш, хала, арт класс, пайдалы нан.
«Мейрамха ісі» құзыреттілігі бойынша қатысушылар кофе, коктейль жасау, жемістерді кесу және қонақтарға қызмет көрсету дағдылары бойынша сайысты.
Байқау қорытындысы бойынша Тәңірбергенова Гаухар Қадырқызы бірінші орынға, Байғұттинова Құралай Сериковна мен Үрпатшаева Зарина Мақсұтқызы екінші орындарына ие болды.
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!