Білімі – жоғары. 1992 жылы Алматы қаласындағы Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Инженер-металлург» мамандығы бойынша бітірген. 2005 жылы Астанадағы Қазақ-Ресей университетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша, 2020 жылы «Педагогика және психология» мамандығы бойынша Шымкент қаласындағы Аймақтық әлеуметтік инновациялық университетінің магистратурасын тәмамдаған. 1993-1998 жылдары Қарағанды металлургиялық институтының металлургиялық процестердегі физика-химиялық зерттеу кафедрасының оқытушысы, 1998-2015 жылдары Теміртау сауда және тамақтандыру колледжінде оқытушы, әдіскер, 2015-2020 жылдары Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжі директорының орынбасары. 2020-2022 жылдары Қарағанды облысының білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы. 2022 жылдың мамыр айынан бастап Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжінің директоры. Куралай Мухаметгалымовнаның барлық еңбек және ұстаздық қызметі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесімен байланысты. Оның ұйымдастырушылық қабілеті, қарым-қатынас қабілеті, жұмыстағы көрегендігі жоғары. Жоғары кәсіби біліктілік, педагогикалық эрудиция, өз саласын терең білу, адамдарға деген шынайылық пен ілтипат ол кісіге тән қасиеттер.